Жарқынбекова Алия Ешімкұлқызы
Жарқынбекова Алия Ешімкұлқызы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген.
1974-1984 жылдары аралығында Қазығұрт ауданындағы В.И.Ленин атындағы орта мектепте білім алды.
1988-1992 жылдары аралығында Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент филиалы, бастауыш мектепте оқыту мен әдістемесі факультеті бойынша білім алды.
Шымкент қаласындағы №65 Ы.Алтынсарин, №8 гимназия мектептерінде бастауыш сынып мұғалімі қызметтерін атқарды. Үздіксіз білім беру институтында әдіскер, №8 гимназия мектебінде директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметтерінде болды.
2014 жылдың 18 ақпанында Шымкент қаласы, «Күншығыс» шағын ауданында орналасқан №40 «Нұрлан» бөбекжай-бақшасының меңгеруші қызметіне тағайындалды.
2022 жылдың 4 наурыз айынан бастап, ауыстыру тәртібімен Әл-Фараби ауданында орналасқан №106 «Ердәулет» бөбекжай-бақшасында меңгеруші қызметін атқаруда.
Еңбек жолындағы жетістіктері:
- Шымкент қаласы білім басқармасының атынан «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттар»;
- «Өрлеу» «БАҰО» АҚФ біліктілігін арттыру институтынан «Мадақтамалар»;
- IQ Center URKER «Алғыс хаттар»;
- Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратынан «Алғыс хаттар»;
- Шымкент қаласы білім басқармасының мектепке дейінгі дамыту орталығы «Алғыс хаттар»;
- Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінен «Құрмет грамотасы»;
- ҚР білім беру саласының үздік қызметкерлері енген ҰЛТТЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ «Еңбек адамы»;
- Оқу-ағарту министрлігі «Алғыс хат».