Миссиямыз
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы №422 бұйрығы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жоспарлар құрылып жұмыс жүргізіледі. Қыркүйек- мамыр айының аралығында барлық апталық іс-шаралар, ашық көрсетілімдер, кеңес-семинарлар, ата-аналарға ашық есік күндері,дөңгелек үстел,шебер сынып жұмыстары, балаларға ертеңгіліктер,үйірме жұмыстары бекітілген жоспар бойынша ұйымдастырылып өткізіледі. Балалардың білімдері жайлы біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау бойынша бастапқы,аралық және қорытынды мониторинг нәтижелері туралы жинақ есебі жүргізіледі.
Оқу жылы ішінде бөбекжай-бақшада «Оқуға құштар жобасы» аясында «Кітаптар әлемі» орталығы ашылып, балалардың жас ерекшелігіне қарай түрлі оқулықтар, боямақтар мен санамақтар және ертегі кітаптарымен толықтырылды.
Миссиясы:
балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау, ойын арқылы білімдерін кеңейту.
Басым бағыттары:
- денсаулық сақтау технологияларын қолдану арқылы балалардың физикалық және психикалық денсаулығын қорғау және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету;
- балаларды қызықты ойын түрінде білім беру дағдыларын кіріктіру арқылы тәрбиелеу, оқыту және дамыту;
- моделді жүзеге асыру аясында мектепке дейінгі ұйымның білім сапасын арттыру;
- әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттілік, когнитивтік және қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
- денсаулық сақтау технологияларын қолдану арқылы балалардың физикалық және психикалық денсаулығы қорғала отырып салауатты өмір салты қалыптасады;
- балаларды қызықты ойын түрінде білім беру салаларын кіріктіру арқылы тәрбиелеу, оқыту бағыты дамиды;
- моделді жүзеге асыру аясында мектепке дейінгі ұйымның білім сапасы артады;
- әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттілік, когнитивтік және қарым-қатынас дағдылары дамиды.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру.
Бағдарламаның мақсаты: Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
- Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу;
- Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту;
- Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру;
- Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау.