Бөбекжай-бақша туралы
МКҚК №106 «Ердәулет» бөбекжай-бақшасы Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, 18 мөлтек ауданы, 30/1 ғимаратта орналасқан. Жоба қуаттылығы- 280 орындық, 2қабатты ғимарат.
Бөбекжай-бақшада 12 топқа арналған интеллектум, театрландырылған, шынықтыру-сауықтыру, сенсорлық және дәстүрді рухани жаңғырту дамыту топтары дайындалған. Топтарда жатын, ойын бөлмелері заттық кеңістіктік дамытушы орталықтары қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Сонымен қатар әдістемелік, педагог-психолог, логопед кабинеті, медициналық, асхана, спорттық, музыкалық зал бар. Сонымен қатар білім мен тәрбие беруде инновациялық технологиялармен арнайы жабдықталған заттық кеңістіктік дамытушы орталығы, балаларға арналған кітапхана бөлмесі және «Интеллектум» дамыту ойындар кешені жұмыс жасайды. Медицина бөлмесі алғашқы жәрдемге қажетті құралдармен жабдықталған. Бөбекжай-бақша мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мен білім беруде үлгілік бағдарламаға сай толық жұмыс жүргізілуде.
Бөбекжай-бақшаның ғимараты санитарлық және гигиеналық талаптарға толығымен сәйкестендірілген. Аулада балаларға арналған ойын алаңдары және көгалдандырылған алаңдар бар,таза ауада ойнауға жағдайлар жасалынған. Бақша бүлдіршіндері жас ерекшелігіне қарай 12 топқа бөлінген.
- №1 «Балапан» кіші тобы – 20 бала.
- №2 «Балбөбек» кіші тобы – 20 бала.
- №3 «Бүлдіршін» кіші тобы – 20 бала
- №4 «Балауса» ортаңғы тобы – 25 бала.
- №5 «Балдырған» ортаңғы тобы – 25 бала.
- №6 «Балдәурен» ортаңғы тобы – 25 бала.
- №7 «Тайбурыл» ересек тобы – 25 бала.
- №8 «Толағай» ересек тобы – 25 бала.
- №9 «Мұрагер» ересек тобы – 25 бала.
- №10 «Ертарғын» мектепалды тобы – 25 бала
- №11 «Ертөстік» мектепалды тобы – 25 бала.
- №12 «Құлагер» мектепалды орыс тобы -25 бала.